Барлық өңірде жедел волонтерлік штабтар құрылып, олардың жұмысына 50 мыңнан астам волонтер тартылды.
Зардап шеккендерге көмек көрсетуді және еріктілерді жер-жерге бөліп, үйлестіру үшін бірыңғай байланыс орталығы (+7 708 706 4242) жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері облыстардан 1000-нан астам қоңырау түскен.
Алғашқы күндерден бастап, волонтерлер бірлесіп әзірленген өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес, өңірлік төтенше жағдайлар департаменттеріне көмек көрсетіп жатыр.
Волонтерлер ТЖД-мен бірлесіп, су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізуде, азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды жеткізуге атсалысып, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп жатыр.
Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісі сарапшылармен бірлесіп, мұқтаж азаматтарға психологиялық және заңгерлік көмек ұйымдастырды.
Гуманитарлық көмек жинау пункттері 16 өңірде жұмыс істейді: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Жетісу облыстары. Волонтерлер 10 520 тонна гуманитарлық көмек жинады. 8905 тонна зардап шеккен аймақтарға жеткізілді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі.