Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында тұрақты негізде келіп түскен өтініштерге талдау және мониторинг жүргізеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Комитет пен аумақтық департаменттер 51 мың өтінішті қарады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 170% құрады. 44% тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетілді, 38% тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды, 18%-ы ӘРПК шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізу үшін құзыреті бойынша бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.
2023 жылы үлес салмағы бойынша ең көп өтініштер бөлшек саудада – 37%; электрондық сауда – 15,%; тұрмыстық қызметтер – 13%; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша өтініштердің 9,1%-ы келіп түсті.
«Шағымдарға жүргізілген талдау, кәсіпкерлер тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзудың өскенін, бизнестің сапасыз тауарларды сатуын, сондай-ақ сапасыз жұмыстар мен қызметтер көрсетуін, сонымен қатар халықтың тұтыну мәдениетінің өскенін көрсетеді. Тұтынушылардың келіп түскен өтініштері негізінде аумақтық департаменттер мемлекеттік бақылауды жүзеге асырды. Осылайша, 551 жоспардан тыс тексеру және 130 профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді. 2022 жылмен салыстырғанда тексерулер санының өсуі 500%-ды құрады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 5 млн теңге сомасына 63 бизнес субъектісіне айыппұл түрінде, ескерту түрінде 618 бизнес субъектісі. Сонымен қатар, талап-арыз қызметі жүзеге асырылады», – деді спикер.
2023 жылдың басынан бастап барлығы 169 талап-арыз қойылды, оның ішінде 109 талап-арыз бойынша Комитет пен департаменттер үшінші тарап ретінде қатысты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары қорғалып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат қайтарылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 135%-ды құрады.