«Еліміздің экономикасындағы базалық тауар нарықтарында монополия сақталуда, бұл отын-энергетикалық кешен, көлік және байланыс нарықтары. Мұнда нарық монополиясының деңгейі 100%-ға жетеді. Сонымен қатар, мемлекеттің қатысуымен құрылатын жаңа субъектілерде мемлекеттік монополияның жаңа тренді байқалады, тиісінше, жеке нарық субъектілерінің экономиканың осы сегменттеріне кіруі күрделене түседі. Біз бәсекелестікті дамыту үшін жол карталарын, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Жарлық сынды негізгі құжаттарды қабылдадық, бірақ бұл жоғарғы деңгейдегі құжаттар болды. Енді бәсекелестікті дамыту туралы нақты іс-шараларды қарастыратын Жарлық қажет екенін түсіндік», - деді спикер.

Құжат 6 компоненттен тұрады. Негізгі бағыт - мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқарту, Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсе, қызмет түрлері тізбесінің жаңа форматы, инфрақұрылым мен ресурстарға тең қолжетімділік. Бұл көлік, байланыс, мұнай өңдеу саласындағы отын-энергетика кешені мен монополиялық инфрақұрылым нарығында шектелген монополиялық ресурстарға қатысты. Бәсекелестікті дамытудың, ресурстарға қол жеткізудің, мемлекеттік қолдау шаралары мен сатып алуға қол жеткізудің негізгі құралы – биржалық сауданы дамыту. Бұл жарлықтың басты бағыты - бағаның бұрмалануын жою. Бұл бағаны теңгерімді реттеуге көшу және тоғыспалы субсидиялауды жою. Сондай-ақ Жарлық корпоративтік басқаруды жақсарту, қаржы нарықтарын дамыту және бизнесті қорғау мәселелерін қозғайды.

«Кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуы. Бұл ретте мемлекеттің қатысуының сақталуын және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен оларды басқару қызметінің тиімділігін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда тауарларды өндіруге мемлекеттің қатысу үлесі 55%, қызмет көрсету саласындағы мемлекеттің үлесі 44% жетеді. Мемлекеттің қатысуымен нарық субъектілерінің 6,3 мыңнан астам бірлігі жұмыс істейді», - деп атап өтті БҚДА өкілі.

Мемлекет экономиканың 30 секторының 20-на қатысады. Бұл ретте басқару тиімділігінің көрсеткіштері мынадай: 20 трлн теңге - борыштық міндеттемелер, негізгі жабдықтың тозуы - 50%, энергетика, газ тасымалдау инфрақұрылымы - 70%. Мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейін халықаралық институттар да атап өтуде.