Ол биыл барлық салалық деректі жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін отын-энергетика кешенінің ситуациялық-талдау орталығы құрылатынын атап өтті. Жасанды интеллект элементтерін пайдалану арқасында модельдеу және болжау мәселесі пысықталатын болады.
«Биыл біз энергоресурстарды бөлу, мұнай жеткізу жоспары, ЖЖМ және сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары бойынша цифрлық сервистерді іске асырамыз. Бұрын бұл процестер субъектілер мен біздің департаменттердің өзара әрекеттесуі арқылы қолдан жүргізілді. Жыл соңына дейін бірнеше қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз», – деді спикер.
Тағы бір маңызды жоба – атаулы әлеуметтік көмек көрсету процесін цифрландыру. Пилоттық жоба «Қазтрансгазаймақпен» бірлесіп жүргізіледі. Ведомство өкілі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифтер бойынша саралау бар екенін еске салды. Сондықтан ресурспен жабдықтаушы ұйымдардан осы жеңілдігі бар тарифтерді алу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету қажет.
Энергетикалық объектілерді жылыту кезеңіне дайындық Мониторинг жүйесінде паспорттлып, цифрландырылмақ. Егер жазда энергетикалық кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарының орындалуына мониторинг жүргізілсе, онда күзден бастап энергия ресурстарының өндірісі мен тұтынылуын онлайн режимде қадағаланатын болады: қаншасы берілді, қаншасы айналымда қалады, су шығыны және басқа көрсеткіштер.