Көрменің ашылуына дипломаттар, инфлюенсерлер мен өнер сүйер қауым қатысты

Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.

Сондай-ақ, көрме қонақтары қазақтың киіз үйінің инновациялық эко-жобасын, дәстүрлі және заманауи технологияларды қатар қолдану арқылы киіз бен жүннен жасалған бірегей бұйымдарды тамашалай алады.

«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» көрмесі 17 қыркүйекке дейін жалғасады.