«Біз әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізіп жатырмыз. 2024 жылдың тамызындағы жағдай бойынша сауалнамаға қатысқандардың 21%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы жақсарды деп санайды. 2023 жылы респонденттердің тек 19,5%-ы дәл осы сұраққа жауап берді. Яғни, осы мәселе бойынша қоғамдық пікірдің оң динамикасы туралы айтуға болады. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың анықталуы артты. Бұдан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрлігі ІІМ-мен бірлесіп, өткен жылдан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі міндеті - отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыс деңгейін төмендету және отбасылардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту», - деді спикер.
Аудандар, облыстар және қалалар деңгейінде қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету үшін отбасын қолдау орталықтары құрылады. КММ нысанында 40 орталық жұмыс істейді, 2025 жылға дейін 192 орталық болады.
2023-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді грантты іске асыру шеңберінде отбасылық соттар жанынан «Бақытты отбасы» отбасын ресурстық қолдау орталықтары» құрылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты - ажырасуды бастаған ерлі-зайыптыларға психологиялық, заңгерлік консультациялық көмек алуға мүмкіндік беру арқылы отбасы институтын нығайту, татуласу құралдарын белсенді қолдану арқылы некені бұзу санын азайту.
Отбасылық саясатты іске асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу үшін қазақстандық қоғамдық даму институтының құрылымында отбасы институтын және гендерлік саясатты зерделеу орталығы жұмыс істейді. Осы жылы орталық кезекті «Қазақстандық отбасылар» Ұлттық баяндамасын дайындап, әлеуметтанулық зерттеулер жоспарлайды. Сонымен қатар жыл сайын белгілі демографтардың қатысуымен отбасылық және гендерлік саясаттың өзекті мәселелері бойынша Халықаралық ғылыми конференция өткізіледі.
Дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды ілгерілету және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін қалыптастыру үшін жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. 10 жыл ішінде байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңға жуық отбасы қатысты. Сондай-ақ жыл сайын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әкелер Одағы» РҚБ-мен бірлесіп Әкелер форумы өткізіледі. Халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорымен, БҰҰ Халық қорымен жұмыс жүргізілуде.