Мәселен, кедендік түсімдердің сомасы 2 346 млрд теңгені құрады, белгіленген жоспардың орындалуы 78%-ға тең. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 92%-ды құрады. Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке 104 млрд теңге өндірілді. 

«Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2024 жылдың 8 айында 124 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт - 94 млрд доллар, импорт - 28 млрд доллар. Транзит бойынша 8 айда 819 мың декларация ресімделді, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 119 мыңға артық», - деп атап өтті спикер.

Өткізілген тауарлардың жалпы салмағы 13 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ тауарларға 549 мың декларация ресімделді.