«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР Заңына навигациялық пломбаларды енгізу мәселелері бойынша түзетулерге Мемлекет басшысы 2024 жылғы 21 мамырда қол қойды.
Сонымен қатар ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасы орынбасарының м.а. Ғабит Оразов атап өткендей, үшінші елдерге теміржол тасымалын кедендік бақылауды автоматтандыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясы кеңеюде.
«Транзитті декларациялау процесін автоматтандыру қағаз құжаттарды ұсынуды және оларға кедендік белгілер қоюды; транзиттік декларацияларды тіркеу және шығаруды автоматты режимде енгізуді; тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) талдау негізінде мемлекеттік бақылауды жүргізуді; бір контейнерлік пойызды кедендік ресімдеу уақытын 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуды көздейді», - деді спикер.
Сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО жеке тұлғалардың багажын қабылдау, беру және тасымалдау бизнес-процестерін автоматтандыру және цифрландыру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» енгізілді, онда бірқатар министрліктің рұқсат беру құжаттары автоматтандырылды. Растайтын құжаттар мен мәліметтерді бірнеше рет ұсыну қажеттілігін болдырмау мақсатында 19 бөгде ақпараттық жүйемен интеграция іске асырылды.