Бүгінде министрлік жобаның жол картасын әзірледі. Каналды жаңғырту жұмыстары келесі жылы басталып, бес жылда аяқталады деп жоспарланып отыр. Жол картасы сорғы қондырғылары мен электр желілерін жөндеуді, сондай-ақ басқа да іс-шараларды қамтиды.

«Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстарының өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ететін маңызды нысан. Сондай-ақ, канал Жезқазған, Қарағанды және Павлодар қалалары үшін ауыз судың негізгі көзі болып табылады. Сондықтан біз нысанды ұзақ мерзім бойы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткіміз келеді», – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу басысында.

Қ.Сәтбаев атындағы канал Павлодар және Қарағанды облыстары арқылы өтетін бірегей нысан. Оның жалпы ұзындығы – 458 шақырым.