Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 млн текше метр.

«Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып табылады. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз», – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов өңір тұрғындарымен кездесу барысында.

Сондай-ақ, Ұлытау облысының тұрғындары министрге ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз судың сапасын жақсарту, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті су айдындарының экологиялық жағдайы туралы сұрақтарын қойды.