Бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысты. Үшінші кезеңнің жеңімпаздары республикалық (қорытынды) кезеңге жолдама алады: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11(12) сынып оқушылары. 

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен оқу жылынан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ауылдан келген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ оларға кәсіптік бағдар беру мен сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.