Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы жедел хабарлау үшін 1403 колл-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Өткен жылы оған 300 мыңнан астам қолданушы жүгінді, қоңыраулардың 60%-ға жуығы қыс мезгілінде келіп түсті. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін ұлттық компанияның Телеграм-арнасы, Sapar мобильді қосымшасы, сондай-ақ республикалық автожолдардың жай-күйі туралы Kaztoll.kz сайтында онлайн режимінде білуге боалды.   

Қысқы кезеңдегі негізгі міндеттер қар астында қалған автокөлік құралдарын шығару және жол пайдаланушыларына көмек көрсету болып табылады. Өткен қыста қар астынан 2 мыңға жуық автокөлік шығарылып, 3 мыңнан астам автожол пайдаланушыларына көмек көрсетілді.  

Дархан Иманашев қазіргі уақытта «Қарағанды – Балқаш – Алматы» (885 шақырым), «Атырау – РФ шекарасы (Астрахан)» (217 шақырым), «Ақтөбе – Қандыағаш» (96), «Талдықорған – Өскемен» сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды реконструкциялау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын айтты (768 шақырым). Жалпы, жұмыс 1966 шақырымды қамтиды, оның 1915 шақырымында жол жүру қамтамасыз етілген.   

«Ағымдағы жылдың басынан бері 5 млн тоннадан астам асфальтобетон қоспасы төселді. Қазіргі уақытта тосқауыл, қардан және малдан қорғау қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 5 мыңға жуық құрылыс техникасы мен 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды. 2024 жылдың соңына дейін осы учаскелер бойынша қолайлы және қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Биыл орташа жөндеумен 5015 шақырым автожол қамтылды, оның 1014 шақырымы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, қалған нысандарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда», – деді спикер.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде орташа жөндеу бойынша жұмыстарды қамтуды ұлғайту және олардың көрсеткішін 10 мың шақырым автожолға дейін жеткізу жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық жүргізілген және жоспарланған жұмыс республикалық автомобиль жолдары бойынша қауіпсіз және кедергісіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.