Бұл жоба – елдің халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырады және көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді. Нақтырақ айтсақ, хаб құрылысы Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағытында контейнерлерді тасымалдауды ұлғайтуға және Қытайдан Еуропаға келетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта 20-дан астам арнайы техниканың көмегімен жердегі учаскені вертикальды жоспарлау бойынша жұмыс жасалып жатыр.

Бүгінгі таңда теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар бойынша көрсеткіш 84% - ға артып, 58 мың ЖФЭ құрап отыр. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХТМ) бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 2,7 есе байқалады.

Аталған жұмыстарды 2025 жылдың ортасында аяқтау жоспарланып отыр.