ОКҚ алаңында өңір басшысы Асайын Байханов атап өткендей, 815 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 30%-ға жоғары. Инвестициялардың өсу қарқыны бойынша бұл республикада 2-орын, ал өңірлер арасында аграрлық секторға инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы. Одан бөлек, инвестициялардың 88% -ы – бұл жеке компаниялардың қаражаты. Бұл факт аймақтағы қолайлы инвестициялық климат туралы айтуға мүмкіндік береді.
«Жалпы бізде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 2,8 трлн теңгеге 140 инвестициялық жобадан тұратын пул бар. Біз өнеркәсіптің өсуі өңірдегі экологиялық жағдайға қысым жасайтынын жақсы білеміз, сондықтан өңірді индустрияландыру серпінін сақтай отырып, шығарындыларды тежеу және кезең-кезеңімен азайту міндетін қоямыз. Барлық жұмыс істеп тұрған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда кешенді экологиялық шешімдерді енгізу арқылы және әлі салынып жатқан немесе салынуы жоспарланып жатқан зауыттарда ecofriendly технологияларын қолдануды талап ету арқылы жүргізіледі», – деп атап өтті спикер.
Құны 178 млрд теңге болатын кешенді экологиялық шешімдер ERG тобының төрт ірі кәсіпорнында енгізілуде, бұл оларға шығарындыларды жоспарлы түрде 50 мың тоннаға немесе 57%-ға төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңдегі келесі қадам Павлодар мұнай – химия зауытында, өңірдің үш ЖЭО осындай шараларды енгізу болады.
Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды бағыт-коммуналдық қалдықтарды басқару жұмысы. Бұған аймақтағы алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы көмектеседі. Инвестор барлық дайындық жұмысын жүргізді. Кәсіпорынды келесі жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.