Төлемдер қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан әрі – ЖОМС) арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖОМС шеңберінде алдын алу және оңалту шараларына төлемдер енгізілді.
«Алдын алу шараларына төлемдер жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін жүзеге асырылады, ал оңалту шараларына төлемдер зардап шеккен қызметкердің денсаулығын қалпына келтіру шығындарын төлеуге арналған. Бұл шаралар өндірісте зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева ОКҚ баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар қазақстандықтарға «зейнетақы аннуитеті» қолжетімді. 2 жаңа өнім пайда болды – кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті сақтанушыларға 45 жастан бастап 55 жаста ай сайынғы өмір бойы төлем жасау құқығымен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Бірлескен зейнетақы аннуитеті жақын туыстарының (жұбайларының) зейнетақы жинақтарын біріктіріп, зейнетақы аннуитетін сатып алуға және екі туысының өмір бойы тұрақты табысын алуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жалпы сақтандыру сыйлықақысы 655,4 млн теңгені құрайтын 106 мың зейнетақы аннуитеті шарты қолданылады.