Ағымдағы жылдың 23 қазанында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізілді. 

«Сақтандырудың бұл түрі халықты медицина қызметкерлерінің кәсіби қателіктерінен, медициналық қызмет көрсетудің сапасыздығынан қорғауды күшейтуге бағытталған және пациенттердің көрсетілетін медициналық көмектің сапасына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сақтандыру шарттарын ресімдеу процесін жеңілдету үшін медициналық ұйымдарға сақтандыру шартын жасасуға, ал пациенттерге сақтандыру төлемін электрондық нысанда алуға мүмкіндік беретін бірыңғай сақтандыру пулының платформасы іске қосылды», – деп түсіндірді Агенттік өкілі.  

2024 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін жүктеу сақтандыруының 712 шарты жасалды, олар бойынша 155 мың қызметкердің жауапкершілігі сақтандырылды.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің қатысуымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің бағдарламасы жұмыс істейді. Сақтандыру ұйымдары 2023 жылдан бастап МБЖЖ шеңберінде оператор болды. Бұл жинақтаушы білім беру сақтандыру өнімі банктік депозитке қарағанда оқу ақысын төлеуге қаражат жинап қана қоймай, қосымша сақтандыру қорғанысын да береді. 

Мария Хаджиева түсіндірім өткендей, мысалы, ата-анасы табысын жоғалтқан немесе кенеттен қайтыс болған жағдайда, сақтандыру компаниясы жинақталған сомаға қарамастан баланың оқу ақысын толық төлеуге кепілдік береді. МБЖЖ бағдарламасына 5 сақтандыру компаниясы - Халық-Life, Freedom Finance Life, Еуразия, Nomad Life, Standard Life қатысады. МБЖЖ енгізілген сәттен бастап азаматтар 635,2 млн теңге сомасына 2 908 сақтандыру шартын жасасты. 2023 жылдың қарашасында қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында балалардың Ұлттық қордағы оқуға арналған нысаналы жинақтарын білім беруді сақтандыру жүйесі шеңберінде пайдалануға мүмкіндік туды.