Оның айтуынша, Алматыда жасыл желектерді қорғау мен күту ережелерінде 2023 жылдан бастап суару жүйесін міндетті түрде жүргізу жөніндегі норма енгізілді. Өткен 2 жылда 500 шақырым автосуару желілері орнатылды, 2025 жылы тағы 290 шақырым желілер орнатылады, бұл 1 млн-ға жуық ағашты автосуарумен қамтуды мүмкіндік береді. Алматы қаласының жасыл желектерін отырғызу және күтіп ұстау бойынша жаңа тәсілдерді қолдану нәтижесінде көшеттердің құлауы 2022 жылғы 30%-дан 2024 жылы 10%-ға дейін төмендеді.
«Алдағы жылы Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі жаңа дендрологиялық жоспары Бас ботаникалық бақ пен Ұлттық аграрлық университеттің мамандарын тарта отырып әзірленетін болады. Ол жұмыстарды мамыр айына дейін бітіреміз. Ағымдағы жылы қала әкімдігі алғаш рет аула аумақтарын кешенді күтіп ұстау тәжірибесін енгізді, ол санитарлық тазалауды, абаттандыру элементтерін жөндеуді және жасыл аймақтарды бір шартта ұстауды көздейді. Осының арқасында жауапкершілік шекараларын бұлдырату бойынша сұрақтар алынып тасталды. Қаланың 4000-нан астам аула аумағын кешенді күтіп ұстау үшін қаржыландыру 2024 жылғы 24,8 млрд теңгеден 2025 жылы 27 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», – деді қала әкімі.
ҚТҚ жинау бойынша инфрақұрылымды жаңарту Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) тиімді басқару жайлы орта құрудың маңызды міндеті болып табылады. Қалада 2012 жылы құрылған ҚТҚ жинау инфрақұрылымының қатты ескіргені байқалады. Осыған байланысты, 2023 жылдан бастап оны терең жаңғырту жүргізілуде. Қазірдің өзінде 400 алаңда 2,8 мың еуро және көмілген контейнерлер жаңартылды. 2025 жылы 723 алаңға тағы 2,7 мың жаңа контейнер орнату арқылы қала бойынша барлық контейнерлік алаңдарды толық жаңғырту аяқталады.
Арық желілерін жаңғырту және салу Су басу қаупінің алдын алу мәселесі қала үшін өзекті болып табылады. 2022 жылы біз аудит жүргізіп, тұрақты су басудың 142 учаскесін анықтадық. 2023-2024 жылдары біз су басқан учаскелердің 100% -ға жойылды. 125 шақырым арық желілері салынды және реконструкцияланды, 2025 жылы қалған 180 шақырым арық желілері бойынша жұмыстар аяқталады. Осылайша, 2025 жылы жаңғыртылған арық желілерінің үлесі 80%-ға дейін ұлғайтылатын болады.
«Алматы қаласын дамыту бағдарламасы шеңберінде қаланың тұрақты көлік каркасын қалыптастырылады. 2024 жылы 25 шақырым жаңа жол салынды, Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшеде 250 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Сондай–ақ, 2024 жылы Саин - Мөңке би жол айрығын салу және Абай даңғылын ұзарту жұмастарынан кейін қозғалыс ашылды. Келесі жылы 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Көлік байланысын қамтамасыз ету үшін Сейфуллин–Жансүгіров жол айрығы іске қосылып, 2 радиалды (Саин, Рысқұлов) және 2 магистральды көше (Қажымұқан, Төле би) ұзартылады. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – әкімдік жұмысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда ауаны ластаушы заттардың 60%-ы автокөлікке тиесілі. Атқарылатын жұмыс қала тұрғындарын қоғамдық көлікке көшуге ынталандыруға, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 33%-ға артып, күніне 1,6 млн жолаушыға дейін рекордтық көрсеткішке жетті. 2024 жылы экологияландыру мақсатында 770 газ және 115 электр автобусы сатып алынды. Осының арқасында автобустардың эксплутация мерзімі 6 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарды. Осыған қоса, 112 жаңа троллейбус сатып алынып, троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды.
Келесі жылы 800 газ автобусы және 260 электр автобусы сатып алынады, бұл орташа пайдалану мерзімін 2 жылға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы агломерациясының орталығы ретінде тығыз көлік байланысын қамтамасыз етуге аса мүдделі. Ағымдағы жылы 20 жаңа қала маңы маршруттары ұйымдастырылды. 2025 жылы қоғамдық көлік үшін жаңа тарифтік мәзірді және «Bus/km» қағидатына көшумен субсидиялаудың жаңа қағидаларын енгізу жоспарлануда.