Тұжырымдамамен қатар негізгі құжаттардың қаңқасын 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары мен 2026 жылға дейін су үнемдеу жөніндегі Жол картасы құрайды.

«Саланың негізгі құжаты су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейтін жаңа Су кодексі болды. Бүгінгі таңда басты міндет барлық жоспарланған іс-шараларды сапалы орындау болып табылады. Біздің министрліктің екі маңызды бағытына тоқталайық: бірінші, жер асты суларын кешенді пайдалану. Жер асты сулары тұрақты сумен қамтамасыз етудің маңызды ресурсын білдіреді, әсіресе, су ресурстарына жүктеме артып, климаттық өзгерістердің күшеюі жағдайында. Қазақстан Республикасында сумен қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі барған сайын өзекті маңызға ие болуда. Сонымен қатар жерасты су ресурстарын тиімді және ұтымды басқару мақсатында Министрліктің құрамында 2024 жылы Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды», – деді спикер.

Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің негізгі қызметі жер асты суларының қорларын іздеу мен бағалауды жүргізуге, иесіз өздігінен төгілетін гидрологиялық ұңғымаларды жоюға және консервациялауға бағытталған.

Жер асты суларын басқаруды жүйелеу үшін мемлекеттік реттеудің бірыңғай және заманауи жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін тиісті заңға тәуелді актілер бекітілді. Әзірленген нормалар мен ережелер жер асты суларын іздеуге, бағалауға, алуға және бақылауға, сондай-ақ суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін бақылауға қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл сулы горизонттардың сарқылуын болдырмау, мониторингтің дұрыстығын арттыру, суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін құқықтық тетіктер жасайды. Нәтижесінде жер асты суларын тұрақты пайдалану және елдің су қауіпсіздігін нығайту үшін негіз қаланды.

Ведоство жұмысының екінші маңызды бағыты суармалы егіншілікте заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу болып табылады.