Бекітілген жобалар мен олардың бастапқы деректері оларды іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қала кадастры жүйесінде орналастырылады. Бас жоспарға немесе егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда жобаны мемлекеттік сараптамаға қайта енгізу керек. Бұл елді мекендерді дамытудың жобалық шешімдерін бұрмалауды болдырмауға мүмкіндік береді.

«Осылайша, қабылданған шаралар бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, сондай-ақ әрбір құжат тексерілетін, келісілетін және өзгерістерден сенімді қорғалатын бірыңғай цифрлық қала құрылысы контурын қалыптастыруға бағытталған. Жүйе арқылы салыстыруға 667 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы келіп түсті, оның 133-і сәйкес, ал 534 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танылды. Сәйкестендіруге жазбаша өтінімдер бойынша 376 қалалық жоба жіберілді, оның ішінде 51 жоба сәйкестендіруден өтті. 48 жоба бас жоспарға сай келмейді», – деді спикер.

Оған цифрлық базаның болмауы немесе елді мекендердің шегінен тыс орналасуы негізгі себептер болды. Саланы одан әрі цифрландыру қала құрылысы құжаттамасы бөлінісінде жобалау және құрылыс кезінде шектеулер белгілей отырып, қала жобаларын толық цифрландыруды, цифрлық мемлекеттік қызметтерді енгізуді қамтиды. Қабылданып жатқан шаралар ел азаматтарының жайлы тұруы мақсатында құрылыс салу процестерінің заңдылығы мен ашықтығына бағытталған. Комитет басшысы барлық қолжетімді құралды пайдалана отырып, қала құрылысы кадастрындағы деректердің ашықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілетінін айтты.