2020 жылдың 1 маусымынан бастап табиғи және улы газдың ағып кетуін анықтайтын 2 мыңға жуық құрылғы сатып алынды және орнатылды. Бұл жұмыстардың барлығы жергілікті бюджеттер мен демеушілер есебінен жасалды. Айта кетейік, өткен жылы осындай 96 мыңға жуық сенсор орнатылған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осылай деді.

Оның айтуынша, мұндай құрылғыларды орнату өз нәтижесін берді.

«Өткен жылыту маусымында 58 адам тұратын тұрғын үйлерде 15 датчик іске қосылды. Осы құрылғыларды орнатқанымыз адамдардың өмірін сақтап қалды деуге болады. Биылғы жылы бұрын орнатылған құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне назар аударылатын болады. Өкінішке орай, халық тарапынан масылдық ұстанымдар байқалады. Құрылғыларда уақыт өте келе жарамсыз болып қалатын қуат элементтері орнатылған. Біздің қызметкерлеріміз батареяны өз есебінен сатып алуға және ауыстыруға тура келеді. Бірақ мүліктің, сондай-ақ туған-туыстары мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік ең алдымен азаматтарға жүктеледі», - деді елдің бас құтқарушысы.