Пандемияға және OПEК+ шектеулеріне қарамастан, мұнайды айдау жұмыстары үздіксіз жүргізілді, деп хабарлайды «КҚК-Қ» баспасөз қызметі.Оның ішінде 51 млн тоннасы қазақстандық жүк жөнелтушілердің мұнайы. Бұл 2020 жылға жоспарланған көлемнен 6.6. млн. тоннаға аз. Жыл қорытындысы бойынша жоспар 89,9% орындалды. «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ Бас директоры Николай Горбань стратегилық нысанның қызметн қорытындылады.

«Новороссийск Теңіз терминалынан КҚК 572 танкер жөнелтті. 2020 жылғы мамырдан бастап мұнай экспорттаушылар ұйымы және оған кірмейтін мемлекеттер (ОПЕК+) - тамызға дейін тәулігіне 9,7 млн. баррельге және 2020 жылдың соңына дейін 7,7 млн. баррельге мұнай өндіруді шектеу туралы уағдаласты. Осы шешімді растау үшін Қазақстан Үкіметі 2020 жылғы мамыр-шілде және тамыз-желтоқсан кезеңінде көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы қаулы қабылдады. Мұнай экспортындағы тиісті шектеулер 2020 жылы қазақстандық жүк жөнелтушілерден КҚК-ға мұнай қабылдау-тапсыру кестелерінде көрсетілген және тиісінше, Теңіз терминалында мұнай жөнелтудің төмендеуіне себеп болды», - деп түсіндірді спикер. Сондай-ақ, ол негізгі түсім 2 млрд. АҚШ долларынан асқанын, салық салынғаннан кейінгі таза пайда 630 млн. долларды құрағанын атап өтті. Шамамен 70 млн доллар - Қазақстанда төленген корпоративтік салық сомасы, 16 млн. – мүлік салығы.

Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнайды экспорттық жеткізуді ұйымдастыру жүйесінде маңызды стратегиялық орынға ие. Басты экспорттық құбыр Батыс Қазақстан кен орындарының мұнайын Теңіз терминалы арқылы Қара теңізге әлемдік нарықтарға тасымалдайды. КТК ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Ұзындығы 1,5 мың км астам мұнай құбыры Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын және танкерлерге тиелген мұнай әлемдік нарыққа жөнелтілетін Новороссийск маңындағы Южная Озереевка кентінің жанындағы Теңіз терминалын байланыстырады.