«Жаңа шынайылық» жағдайында Ұлттық жоспар дамудың жаңа моделін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, ол 7 негізгі қағидатқа негізделеді: игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, адал бәсекелестік, өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, адами капиталды дамыту, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі», - деп атап өтті Ә.Ерғалиев.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспар азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және қуатты экономика сияқты үш бағыт бойынша 10 жалпыұлттық басымдықтан тұрады.
Атап айтқанда, еңбек нарығын қалпына келтіруге және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі шараларды іске асыру жоспарланған.
Өз бетінше тұрақты білім алу және біліктілікті арттыру үшін жағдайлар жасалады, жұмыс орындарын болжау жүйесі жетілдіріледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласына келетін болсақ, ол қазір әзірленіп жатқан елдің Әлеуметтік кодекспен реттелетін болады. 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,7% - ға дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл ретте, мемлекеттің әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар жөніндегі барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалады.
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті және ғылыми медицинаны дамытуға, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса назар аударылады. Нәтижесінде дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өседі.
2025 жылға қарай азаматтардың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталып, пациентке бағдарланған медицинаға көшу жүзеге асырылады, сондай-ақ ауылдарда және қалаларда сапалы медициналық қызмет көрсетуге кепілдік беріледі.
Барлық өңірлерде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 20 заманауи медициналық орталық және 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады. Бұл ұзақ мерзімді кезеңге арналған сапалы денсаулық сақтау инфрақұрылымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.