Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерде оқытудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Біріншіден, бастауыш сынып оқушылары «кезекші сыныптарда» топта 15 баладан оқиды. Соңғы мәліметтер бойынша, 530 мың баланың ата-анасы оффлайн оқуға өтініш берген, бұл оқушылардың жалпы санының 15%. 5% - шағын жинақтаушы мекемелерде білім алатын оқушылар, олардың саны - 202 мың.

«Жалпы, ел бойынша 2,6 млн оқушы бар. Олардың 80% қашықтан оқиды. Оның екі жолы бар - интернет немесе теледидар арқылы. «Ел арна» мен «Балапан» арналары 9 сағатқа дейін телесабақ көрсетуге дайын. Қазір түсірілімдер жалғасуда», - деді министр.

Айта кетейік, бүгінде оқушыларға арналған 8 интернет-платформа жұмыс істейді, жазда нарыққа 6 жаңа платформа қосылды. Әкімдіктер мен мектептер өз қалауы бойынша олармен келісімдер жасайды.