Бұл жобалар Жұмыспен қамту жол картасына кіреді және 77,4 млрд теңгені құрайды. 21,1 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов айтып берді.

«Жұмыспен қамту жол картасы бойынша барлығы 479 әлеуметтік сала объектісі жөнделді, бұл білім беру, 30 – денсаулық сақтау, 76 – мәдениет, 43 – спорт, 66 – әлеуметтік қамсыздандыру объектісі, 90 км су құбыры желілеріне, 238 км жолдар мен көшелерге жөндеу жүргізілді. Семей қаласында онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының құрылысы аяқталуда. Өскемен қаласы мен Үржар ауылындағы әуежайларды қайта жаңарту, инженерлік инфрақұрылымның 3 нысаны салына бастады», - деп атап өтті өңір басшысы.

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын орындау аясында облыста студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 11 жатақхананы іске қосу жоспарланған, олар бойынша жергілікті мемлекеттік органдар міндеттемелер алды.

Оның ішінде бүгінде бюджет есебінен 700 орындық 2 жатақхана ашылды, 1064 орындық 4 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жұмыспен қамту жол картасы есебінен 2021 жылға 244 мың орындық тағы 1 жатақхана салу жоспарланған.