Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді.

Денсаулық сақтау жүйесі үшін 6 айда маскаларға қажеттілік 111,2 млн дананы құрайды. Бұл сұранысты қанағаттандыру мақсатында өндіріс көлемі ұлғайтылды, сонымен қатар төрт жаңа өндіріс іске қосылды. Нәтижесінде, медициналық және профилактикалық қорғаныш маскаларын шығару тәулігіне 1,1 млн данаға дейін жеткізілді.

Брифинг барысында вице-министр осындай қиын кезеңде тыс қалмай, маскалар өндірісіне қосылған 70 тігін кәсіпорнына алғысын білдірді.

Спикердің айтуынша, тігін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында «Azala Textile» ЖШС марлы шығаратын 9 станокты іске қосып, өндіріс көлемін 8 есеге (тәулігіне 1,2 мың п.м.-ден 10,0 мың п. м. дейін) арттырды.

Бұдан басқа, ТЖ кезінде кәсіпорын еліміздегі тігін кәсіпорындарын тығыздығы төмен (бөз, миткаль) ағартылған мақта матамен қамтамасыз етті.

«Фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының бірлескен жұмысының арқасында медициналық және профилактикалық қорғаныш маскаларын шығару тәулігіне 1 млн данадан асты», деді А.Ержанов.