Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру карантиннен кейін халықтың әл-ауқатын арттыруға зор ықпалын тигізеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов осылай деді.

Оның айтуынша, алдағы жылы алға қойылып отырған бірінші міндет – облыс тұрғындарын жұмыспен қамту. Биыл жыл соңына дейін 33 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылса, 2021 жылы тағы 35 мың тұрғынды еңбекке тарту көзделген.

«Екінші міндет - шағын және орта бизнесті қолдау және олардың өндірісін ұлғайту. Осы жылы пандемия салдарынан тауарлардың импорты азайғаны белгілі, есесіне отандық өнімге сұраныс артты. Бұл шағын және орта бизнеске тапсырыс беруді арттырудың және импорттан тәуелді болмаудың мықты мүмкіндігі деп санаймын», – деді Сқақов.

Оның сөзінше, «Жұмыспен қамтудың жол қартасы» аясында қолға алынатын жобалар тізімі әзірленді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салынады, «Ауыл – ел бесігін» елді мекендерді абаттандыруға қолданамыз, ал «Бизнестің жол картасы» арқылы несие беру жалғасады. Бұдан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» сияқты басқа бағдарламалардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланылмақ.