Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық баспасөз маслихатында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова мәлім етті. Оның айтуынша, «Әліппені» жасау барысында баланың тілдік ерекшеліктері, қазіргі қазақ баласы ең жиі қолданатын сөздер ескерілді.

«Қай әріпті «Әліппеде» бірінші үйретеміз, одан кейін қай әріпті. Осы мәселелер барынша объективті түрде қаралды. Әріптердің ретін анықтау кезінде оның А.Байтұрсыновтың «Әліпбиіндегі» әріптер ретіне біршама ұқсас болып шықты. Яғни, қазақ тілінің заңдылығы бойынша әріптердің реті қазіргі «Әліппеде» де әзірленді», - деді А.Фазылжанова.

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақ әріптерінің қазіргі заманауи мәтіндердегі жиілігін анықтау мақсатында жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде «Қазақ әріптерінің жиілік сөздігі» әзірленді. Сөздіктің негізінде қазақ мәтіндерінде жиі кездесетін әріптердің және әріп тіркестерінің реті көрсетілді.

«Біз анықтаған әріптер жиілігі қазіргі қазақ мәтіндерінен алып отыр. Яғни бала өмірінде күнделікті кездесетін мәтіндерден ғана емес, жалпы 5 стильдегі мәтіндерден алынып отыр. Яғни мұндай жағдайда лингвистикалық білімдерге түзету қажет болды. Біз оны жасадық», деді А.Фазылжанова.

Бұл сөздік таза лингвистикалық мәліметтер алу үшін ғана емес, сонымен қатар түрлі әдістемелік құралдар әзірлеу үшін де қажетті білім береді.