Жеткізуді және басқа да шығындарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынынына баға 21-22 теңге/литр құрайды, яғни автожанармай құю станциясымен салыстырғанда 13-14% төмен болады деп жоспарланған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов осылай деді. Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мұнай өңдеу зауытынан дизель отынын тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте тиеп-жөнелтуді бақылау және мониторингтеу тәулік сайынғы негізде жүзеге асырылады.

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес, Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-дерге және ресурс ұстаушыларға бекіту кестесін» бекітті. Кесте аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тоннасына 174 000 теңге Павлодар мұнай-химия зауытынан және «Петро Қазақстан ойл Продакс» бағасымен беріледі. Атырау мұнай өңдеу зауытынан тоннасына 172 000 теңгеден жеңілдетілген дизель бөлінеді. Кесте бойынша бағамен 380 мың тонна дизель отыны қарастырылған», - деді вице-министр.

Бұл ретте спикер министрліктің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынына арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреті жоқ екендігін атап өтті. Бірақ ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін дизель отынының құны жанар-жағармай нарығына қатысушылармен келісім жолымен айқындалады және мұнай өнімдері ресурс ұстаушылардың өздері ерікті түрде белгілейді.

Ағымдағы жылғы 9 наурыздағы жағдайы бойынша 11,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді.