Екінші семестрден бастап қазақстандық колледждерде оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.

«Елімізде 796 колледж жұмыс істейді. Жалпы, оқу колледждерде жаңа семестр 18 қаңтарда басталады. Колледждердің бірінші курс студенттері оқуын штаттық форматта жалғастырады. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 97 колледж өз студенттері үшін оқуды дәстүрлі форматта ұйымдастырады. Сондай-ақ ҚР ІІМ мен ҚР ҚМ жанынджәне 14 жабық колледждің студенттері оқуын штаттық форматта жалғастырады. Қазіргі кезде колледждерде бірінші курс студенттерінің саны 149 мыңнан асады. Олар оқуын жалғастырады. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының өздері мекемелерді дайындайды және оларды оқыту үшін қолайлы санитарлық жағдай қалыптастырады. 70%/30% қағидаты қолданылады, сондай-ақ форматты және пәндерді ұйымдардың өздері таңдайды. Сонымен қатар, қаладан тыс жерлерден келген студенттер үшін барлық жатақханаларда жағдайлар жасалуда», - деді ведомство өкілі.

Оның айтуынша, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына жеткізілді. Сондықтан дайындық толық жүргізілді.

Аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан аспайды, колледж әкімшілігі икемді кесте құрады. Аудиторияларды санитарлық тазарту сабақтар арасындағы үзілістер кезінде және одан кейін де жүзеге асырылады.