23-27 қарашада «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы өтіп жатыр.

Форум алғаш рет онлайн-форматта азаматтық қоғам апталығы айдарымен өтуде, оның аясында пікірталас, сараптама алаңдары, подкасттар, тренингтер және т. б. қамтитын 40-тан астам түрлі форматтағы алаңдар өткізілді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов шара жайлы толығырақ баяндады.

Оның айтуынша, Азаматтық форум 5 күнге жалғасады, онда таңғы сағат 7.00-ден түнгі 12-ге дейін форумның Ютуб арнасында, сондай-ақ азаматтық қоғам істері комитетінің Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында қоғамның өзекті мәселелері қаралды.

Форумның ыңғайлы форматы спикерлер ретінде 300-ден астам сарапшыны тарта отырып, 12 орталық мемлекеттік органдарға ҮЕҰ-мен онлайн кездесулер өткізу үшін алаң ұсынды. Форумның 4-ші күнінде 1000-нан астам ҮЕҰ азаматтық қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтің айтуынша, «Азаматтық форумдар азаматтық сектордың әлеуетін дамытып қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалогтың алтын көпірі бола отырып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады».

Өз сөзінің соңында вице-министр «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту» тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде белгіленетін азаматтық секторды дамытудың жоспарланған тәсілдерін атап өтті.