«Сергек» үлгісіндегі ақпараттық жүйелерді әкімдіктер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде әзірлейді және жүзеге асырады. Олар қазірдің өзінде Нұр–Сұлтан, Алматы, Атырау, ШҚО бар, Шымкентте - пилоттық жоба. Бірақ камералардың өзі ешқандай қауіп төндірмейтін қарапайым құрылғы.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің сұрағына жауап беру барысында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Қытайлық камера жеткізуші тақырыбы көпшілікті бірнеше жылдан бері алаңдатып отыр.

«Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін барлық жабдықтар белгілі бір тексеру іс-шараларынан өтеді және егер қандай да бір күдік болса, нақты санкциялар қолданылады. Бірақ қазіргі уақытта ондай жағдай тіркелген жоқ. Бірақ мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін осы қытайлық фирмалардың ғана емес, кез келген камераларды пайдалануға болады. Номерді оқу, номерді анықтау, бас прокуратураның деректер базасымен интеграциялау алгоритмі және т.б. ... Барлық ақпараттық жүйе Қазақстанда жасалады және бұл жұмысқа қытайлық бағдарламашылар тартылмайды. Камера тек қарапайым құрылғы ретінде ғана қолданылады, ол суретке түсіріп, дерекқорда өңделуі керек. Менің ойымша, алаңдайтын жағдай жоқ», - деді еліміздің бас IT-маманы.