Қазақстанда әрбір бесінші жұп сәби сүйе алмайды. Өткен жылы репродуктологтар осындай статистиканы жариялап, Денсаулық сақтау министрлігіне Бедеу азаматтардың ұлттық тізілімін құру идеясын ұсынған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілінен журналистер осы ұсыныс туралы сұрады. Тізілім 2021 жылы дайын болады, - деді Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, бұған дейін тізілімді жасауға мәселенің этикалық жағы кедергі келтірген.
«Бұл өте кінәмшіл сұрақ, өйткені жұптардың көбі деректердің және бұл мәселенің жұртшылыққа қолжетімді боғанын қаламайды. Сондықтан көбі жеке меншік клиникаларға жүгінеді. Медициналық құпияның ережелеріне сәйкес, бұл ақпарат бізге әлі қолжетімді емес. Бірақ біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және келесі жылы осы тізілімді жасай аламыз деп ойлаймын. Себебі, бұл мемлекет басшысының бедеулік жұптарды ЭКО квотасымен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін қажетті өте маңызды ақпарат»,- деп атап өтті Б.Қожахметов.
Еске сала кетейік, Президент жасанды ұрықтандыруға арналған квоталар санын 7 мыңға дейін жеткізуді тапсырған болатын. ТМККК шеңберінде оған бедеуліктен зардап шегетін әйелдер де, ерлер де қатыса алады. Қазақстанда жасанды ұрықтандырудың әрбір үшінші процедурасы сәтті аяқталады. Бұл жақсы көрсеткіш. Барлық мұқтаж жұптар «Аңсаған сәби» жаңа мемлекеттік бағдарламасына жылына бір рет қатыса алады. Қазір денсаулық жағдайы бойынша балалары жоқ 9,5 мыңға жуық әйел есепте тұр.