«Егер пациенттің бұрын расталған табысы болса, және төлем жасамаған айлар болса, онда олардың орнын толтыру керек. Тек осыдан кейін ғана азамат өзінің медициналық сақтандыруын пайдалана алады», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі жағдайды ескере отырып, төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған төлеушілердің кейбір санаттары, сондай-ақ 42 500 теңге мөлшерінде бірреттік әлеуметтік көмек алу үшін БЖТ төлеген жеңілдікті санаттағы өкілдер үшін сақтандыру тәртібін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылуда, осылайша МӘМС жүйесіндегі мәртебесін жеңілдікті санаттан БЖТ төлеушілер санатына өзгертті.

«Сақтандыру қоры Үкіметке өз ұсыныстарын енгізді және қазіргі уақытта жүйеде медициналық қызмет тұтынушыларын есепке алу ережелері әзірленуде, онда пандемия, Төтенше жағдайлар және басқа да шектеу шаралары кезеңінде мәртебе беру шарттары ескерілетін болады. Бұрын ондай болған жоқ. Бүкіл әлем мұндай жағдайға алғаш рет тап болды, әрине, бәрін болжау мүмкін емес. Бірақ Қор мен Үкімет ел азаматтарына және осы жағдайды түзету үшін сақтандырылғандарға қолдау көрсетуде», - деп толықтырды Б. Қожахметов.

Уәкілетті орган өкілінің айтуынша, жүктілікті бақылау ТМККК шеңберінде жүргізіледі. Сақтандырылу мәртебесіне қарамастан, жүкті әйел учаскелік дәрігерге бірінші келгенде жүктілік туралы мәліметтер «Фертильді жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілуі тиіс. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек алу үшін сақтандыру мәртебесі қажет.

Сақтандырылмаған жүкті әйел емханаға жүгінген жағдайда жүктілік туралы анықтама ресімделеді, оның негізінде уақытша сақтандыру мәртебесін беру туралы өтінім және осы құжатты растайтын өтінім жасалады. Уақытша мәртебе бір айға беріледі. Осы уақыт ішінде пациенттің мәртебесі міндетті жарналар болмаған жағдайда өзекті болады. Осы санаттағы тұлғалар үшін МӘМС үшін жарналарды төлеуді мемлекет жүзеге асырады.

«Медициналық ұйым жүкті әйелге қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет, әрі қарай қор тарапынан осы емдеу мекемесіне, оның ішінде экономикалық тәртіпке қатысты шаралар қабылданатын болады», - деді Б.Қожахметов.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі сондай-ақ «1406» желісінің операторлары үшін қосымша оқыту жүргізілгенін, азаматтардың жеңілдікті санаттарына уақытша мәртебе беру мәселелері бойынша нұсқаулықтар әзірленгенін түсіндірді. Оның ақпараты бойынша азаматтар қойға сұрақтарға берілген жауаптардың сапасына тұрақты түрде қосымша тексеру жүргізіледі.