Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының басты мәні модернизация. Оның ішінде құқық қорғау саласы да жаңғыртылмақ. Бұл болып жатқан өзгерістердің логикалық жалғасы. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, құқық қорғау органдарының жұмысында айыптау үрдісі басым. –Себебі қылмысты ашумен айналысатын және іс бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын қызметкерлер бір органда орналасқан. Президенттің айтуынша, екінші себеп, прокурорлық қадағалау саласының заңнамалық әлсіздігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы еуропалық мемлекеттердің үлгісі бойынша үш буынды жүйені енгізуге көшуді бастауды тапсырды. Президент Әкімшілігі жанынан арнайы комиссия құрылды. Үш буынды модельде полиция, прокурор және сот өкілеттіктерінің нақты бөлінген. Біріншісі қылмыстарды анықтаумен, ашумен және дәлелдер жинаумен айналысады.

Қудалау органдары қылмыс пен кінәні дәлелдегеннен кейін істі прокурорға жібереді. Ол, өз кезегінде, объективті түрде қарайды, дәлелдемелер базасын, баптың дұрыс қолданылғанын тексереді. Бұдан басқа, тергеу судьясы бар, ол бәрін қайта тексереді және түпкілікті үкімді сот шығарады. Бұл азаматтардың құқықтарын сақтаудың өзіндік фильтрі және кепілдіктері. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 қаңтардан бастап біз осы үлгіге көшуіміз керек. Бұл басты процессуалдық шешімдерді, қылмысты анықтау мен оны тергеуден тәуелсіз орган қабылдайтын формат», - деді прокурор.

Сонымен қатар, қайталану деген болмайды. М.Ахметжановтың айтуынша, үш буынды модельге көшу 2014 жылы қарастырылған, бірақ идея сатысында қалған. Ол кезде әлі уақыты келмеген болар.