Қылмыстар саны 2%-ға (5046-дан 5156-ға дейін) артты. Бұл ретте сотқа жіберілген істер саны 8%-ға (3416-дан 3669-ға дейін) өскен. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осындай статистиканы жариялады.

Оның айтуынша, есірткіні насихаттау және жарнамалау фактілері бойынша, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда және интернет арқылы таратқаны үшін жаңа қылмыс құрамы бойынша істер тіркеліп, тергелуде.

«Полиция өндірісінде осындай 74 іс болды, оның 35-і сотқа жіберілді. Мысалы, өткен жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласында Веретенников деген біреу «Телеграм» әлеуметтік желісі арқылы «гашиш» сатумен айналысқан. Ол үшін 2019 жылдың шілдесінде сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Биылғы жылы қылмыстық жауапкершілік күшейтілгеннен кейін тағы да Қарағандыда марихуананы «Телеграм» арқылы сату фактісі анықталды. Тарасов деген азамат ұсталды. Ол 10 жылға сотталды. Демек, ол 2 есе ұзақ отырады», - деді Бас прокурордың орынбасары.