Карантинге байланысты елордалық Онкология және трансплантология орталығы мен Алматы онкология және радиология институты жабық болғандықтан онкологиялық науқастар ем қабылдай алмауда. Оларға не істеу керек? Журналистер де осы сұрақты қояды. ӘМСҚ басшысы Болат Төкежановтың айтуынша, Қазақстан азаматтарына барлық онкологиялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі және бұл адамда аударымдардың бар-жоғына байланысты емес.

«Қазіргі кезде елімізде карантин режимі енгізілгендіктен, онкологиялық орталықтарға емдеуге жатқызу үшін міндетті түрде COVID-19 анықтау үшін тапсырылған ПТР нәтижесі теріс және өкпенің рентген суреті болуы қажет. Барлық онкологиялық науқастар қауіп тобына жататындықтан осындай ереже енгізілді. Оларды індетті жұқтырудан барынша қорғауымыз керек. Сондай-ақ, пациенттерге ыңғайлы болу үшін ҚазОжРҒЗИ мамандары науқастарға электронды пошта және бейне байланыс арқылы қашықтықтан кеңес береді. Қашықтықтан онлайн-кеңестер туралы толық ақпаратты oncо.kz (http://onc%D0%BE.kz) сайтынан алуға», - деді Б.Төкежанов.