Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 және коронавирустық пневмония бойынша статистикалық мәліметтерді біріктіру туралы шешім қабылдағаннан кейінгі Қазақстанның имиджілік тәуекелдеріне қатысты журналистің сұрағына берген жауабында бұл мәселені шешуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тартылғандығының маңыздылығын атап өтті.

Министрдің пікірінше, ДДСҰ-мен бірлескен мәлімдемесі әлемдік қауымдастыққа елдегі COVID-19 қатысты жағдайды ашық жариялау бойынша Қазақстанның теңдессіз іс-әрекетін көрсетті. Сонымен қатар, А.Цой атап өткендей, Қазақстан осы мәлімдемесімен ДДСҰ сарапшылары талдау жүргізу үшін объективті референттік салыстыруға мемлекет бойынша зертханаларға еркін қолжеткізе алатындығын жеткізді.

«Иә, белгілі бір рейтингтер мен позициялар бойынша төмендеуіміз мүмкін, бірақ, бір жағынан, Қазақстан халықаралық аренада ашық деректерді қолдайтынын, ештеңе жасырмайтынын және ДДСҰ-ның барлық нұсқаулары мен регламенттеріне сәйкес COVID-19-бен тиімді күресті жоспарлап, оны жүзеге асырып жатқан ел екендігін мәлім етті. Бұл ретте мемлекеттің ашықтығы – қазіргі саясатқа деген сенімнің және денсаулық сақтау жүйесінің осы сын-қатерлерге ден қоюының белгісі», - деп толықтырды Алексей Цой.