Ерікті вакцинацияға жазылуға болады. Бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында білім министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Ведомствоға қарасты қазақстандық ғалымдардың әзірлемесі клиникалық сынақтың үшінші сатысында.

«Ерікті болу өте оңай. Алматы, Тараз және Алматының бірнеше клиникалық базасында тиісті сертификаттар бар, қазіргі уақытта скрининг және еріктілерді вакцинациялау жүргізілуде. Біз 3 мың еріктіні аламыз, олардың барлығы ағымдағы жылдың соңына дейін вакцинацияланады. Қазіргі кезде еріктілердің көбі екпе алды. Шарт жасалады, шарттар, өмірді сақтандыру мәселелері және белгіленген заңнамаға сәйкес келетін басқа да нюанстар келісіледі.

Бірінші кезеңді жариялаған кезде бізге өтініштер көп келіп түсті және қабылдауды мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болдық. Екінші кезеңде жағдай ұқсас болды деуге болады. Үшінші кезеңде біз контингентті көп жинайтындықтан 3 мың еріктіні таңдап алу үшін алдын ала қабылдай бастадық.

Бүгінгі таңда жазылуа жалғасуда. Сондықтан ерікті болғысы келетін азаматтар осы құқық пен мүмкіндікті пайдалана алады», - деді министр вакцинациялау бойынша базалардың деректемелерін және талаптар тізімін баршаға қол жетімді етуге уәде бере отырып.