Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов брифинг барысында стационарлардағы кереуеттердің толық жүктелуі кезінде көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қоры бір айға жетеді деп мәлімдеді.

Емдеу мекемелерінің қорында 155 мың ыстықты төмендететін заттар, 35 мың вирусқа қарсы препараттар және 314 мың антибиотиктер бар. Облыстың қалалары мен аудандарының дәріханаларын бөлшек саудада 79,3 мың ыстықтай түсіретін қаптама, 2,6 мың вирусқа қарсы, 15,6 мың антибиотик қаптамасы бар.

Дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау мақсатында өңірлер әкімдіктері дәріханалармен және көтерме саудамен келіссөз жүргізді. Бір қолға екі қаптамадан артық емес ыстықты түсіретін заттар беріледі, себебі суық тию кезінде толық емдеу курсы үшін қажет.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері үйде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан Өскемен қаласының тұрғынын ұстады. Сондай-ақ, Риддер қаласында дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісі анықталды. ⠀

Дәрі-дәрмек бағасының қымбаттағаны туралы call-орталықтың 8 (7232) 61-81-00 нөмірі бойынша хабарлауға немесе WhatsApp-қа дәріхананың мекен-жайын нақтылау арқылы аудио, бейне жіберуге болады "Шығыс адал алаңы" call-орталығының нөмірі +7 (778) 474-69-35.