Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президентінің жолдауы аясында Аумақтық даму бойынша өңір әкімдерінің дәстүрлі баспасөз конференциялары басталды. Бірінші болып Алматы облысының басшысы Амандық Баталов есеп берді.

Оның айтуынша, өткен 9 айда Алматы облысында өнеркәсіпте өсім 3,1% немесе 846,7 млрд теңге, ауыл шаруашылығында – 2,4% немесе 634,6 млрд теңге, құрылыста – 11,6% немесе 208,2 млрд теңгені құрады. Өңірдеқолайлы инвестициялық климат жасау мен іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда. Шамамен 438,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл бұрынғыдан 8,8% артық.

«2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Бәріміз дағдыланған өмір сүру салты өзгерді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық және халықты әлеуметтік қорғау және бизнесті қолдау шаралары жалғасуда», - деді А. Баталов.