Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев елімізге гуманитарлық жүк жеткізу үшін әріптестерінің қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап берген ол дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды ел аумағынан шығаруға шектеу қойған мемлекеттер мен аймақтардың тізіміне тоқталды. Бұл нарықта қатаң бәсекелестік тудырды. Бірақ Қазақстанның шет елдердегі мекемелері мен елшіліктері көмек көрсеткісі келетіндердің барлығына жан-жақты қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар, гуманитарлық жүктің мәртебесі мен оның кімге тиесілі екендігіне қарамастан, оларға белгілі бір нормативтік талаптар қойылады. Тіпті сапа сертификаттары алынғанша Катардан келген үкіметтік сәлемдеме де қоймаға жіберілген. Отандық белсенділер де жүк жеткізуде аздаған кідіріске тап болды. Бұл жұмысты оңтайландыру үшін СІМ мен «СК-Фармация» компаниясының жаңа басшылығы арасында ынтымақтастық орнатылды. Енді осы жеткізілімдердің барлығы жедел түрде пысықталатын болады.

«Яғни, қор немесе азаматтардың бастамашылар тобы сатып алуды аяқтағаннан кейін, біз оларға қандай да бір жүктің сапасын сертификаттау, құжаттар бойынша тауардың түсуін күтпестен, ол әуемен немесе жер үсті көлігімен жеткізілгенше жан-жақты қолдау көрсетеміз. Мысалы, ҚХР-мен бірнеше рет солай жасалды. Құжаттама жедел түрде беріледі және алдын ала рәсімделеді. Жүк түскен кезде оны уақытша сақтау қоймаларына тиеудің қажеті болмайды, оны алушыларға бірден таратуға болады. Бірақ бұл үшін үкіметтік, мемлекеттік құрылымдармен барынша өзара әрекет ету қажет. Медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды жеткізу кезінде сақталатын басты қағида «зиян келтірмеу», - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Анықтама: Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС, Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, ТМККК көрсету үшін және МӘМС шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алушы болып табылады. Бірыңғай дистрибьюторға гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу жөніндегі оператор өкілеттіктерін беру үшін заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу қажет болды.