Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ақпарат саласын дамытудың 2022 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының мәнін түсіндірді. Құжат үш бағытты көздейді: БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, БАҚ саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру. Биылғы жыл - дайындық жылы. Алдымен «Егемен Қазақстан және «Казахстанская правда» газеттері оңтайландырылады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіру - уақыт талабы. Барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде квазимемлекеттік сектор да бюджетті оңтайландыру бойынша жұмыс істеуде. Бұл біріктіру экономикалық және әкімшілік қызмет саласындағы оңтайландыруды қамтиды және шығармашылыққа қатысты болмайды. Біз барлық бұрынғы кемшіліктерді ескеріп, нақты алгоритмдер әзірледік: бірінші кезеңде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері біріктіріледі, жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС айналады және осыдан кейін «Қазақ газеттері» бірлестігі қосылады.

Министр атап өткендей, бұл өзгерістер шығармашылық ұжымдарға әсер етпейді.

«Бұл ұжымның шығармашылық бөлігіне қатысты болмайтынын тағы да атап өткім келеді. «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» сияқты брендтер сақталады. Мен осы газеттерде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген және қазір өте танымал бренд жоғалып кетуі мүмкін деп ойлайтын кейбір журналистердің алаңдаушылығын түсінемін. Олай болмайды!»,- деп сендірді министр Балаева.