Болжамдар бойынша Нұр-Сұлтан бюджеті ШОБ үшін жеңілдіктерге байланысты 47 млрд.теңгені және КТС бойынша 10 млрд. теңгені есептемейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда басшысы Алтай Көлгінов айтты. Жаңа карантиндік жағдайлардағы жұмыс қайта құрылды. Бюджетті оңтайландыру 43 млрд. теңгені құрады. Қалған қаражат әлеуметтік саланы қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы, денсаулық сақтауды, білім беруді қолдауға бағытталған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығындарын қысқарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Оңтайландырылған қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, пандемия кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыспен қамту мәселелеріне, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және қоғамды толғандыратын басқа да салаларға бағытталды. Мысалы, экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымын қолдауға 25,7 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталды. Бұл апатты үйлерді бұзу, жолдар, аулалар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, шағын және орта бизнесті несиелендіру, тұрақтандыру қорын толықтыру, әлеуметтік маңызы бар азық - түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау»,- деп атап өтті әкім.

Ресми деректер бойынша, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек салаларына қосымша 10,5 млрд.теңге бағытталды. Медициналық салалар үшін әкімдік резервіне 6 млрд. теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, оңтайландыру барысында жоғары шығынды бірқатар объектілер жойылып, сенімгерлік басқаруға берілді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылық құрамы қысқартылды.

«Жалпы, елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері пандемияға қарамастан оң нәтиже көрсетуде. Мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында біз жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1 трлн теңгеден астам инвестиция түсімін болжап отырмыз. Салыстыру үшін 2019 жылы шамамен 900 млрд.теңге болды. ЖӨӨ оң бағытта да болжануда. 11 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 57% - ға өсті. Егер өткен жылы осы уақытқа дейін 1,4 млн.шаршы метр болса, қазір 2,25 млн. шаршы метр коммерциялық және мемлекеттік тұрғын үй. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 890 млрд. теңге де былтырғы жылмен салыстырғанда көп»,- деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Айтпақшы, бизнес әлсіреген жоқ. Қазір елордада 142 мың ШОБ субъектісі бар, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 6%-ға жоғары.