Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірнеше жобаны жүзеге асыруда, деді еңбек вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Инстанциялар бойынша жүруді жою, қағазбастылықты болдырмау, сондай-ақ қызмет берушімен қызмет алушының арасында қолма-қол байланысты жою мақсатында процестерді оңтайландыру және цифрландыру бойынша жұмыстар қолға алынды.

«Атап айтқанда, азаматтардың мүгедектіктігін сырттай анықтау үшін, өтініш беруші тек ғана медициналық мекемелерге жүгінетін болады, қалған процестер ақпараттық жүйелердің өзара интеграциялары арқылы адамның қатысуынсыз, өтінішсіз, жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтерді және оңалту техникалық құралдарын тағайындауға автоматты түрде мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде барлық қажетті ақпараттық жүйелерді интеграциялау жүргізілді, Денсаулық сақтау министрлігімен интеграцияны аяқтау ғана қалды, бұл жақын арада жасалатын болады», - деді Е.Оспанов.

Сонымен қатар, 2020 жылы мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру үшін пилоттық режимде Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Сондай-ақ, отбасының цифрлық картасын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды автоматты түрде анықтауға бағытталған.