Қазақстандықтардың 20%-ы демалыстан үйлеріне қайтқанда КВИ-ге ПТР тест тапсырмаған. Сондықтан, жанындағы әлеуетті қауіпті адамнан инфекцияны жұқтыру қаупі төнетін саналы азаматтардың алаңдаушылығы мен наразылықтары дұрыс. Бұл туралы журналистің сұрағына берген жауабында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер айтты. Ерлан Қиясов карантин мерзімін екі күннен жеті күнге дейін ұзарту туралы шешімді осылай түсіндірді.

«Бір жағынан біз шектеу шараларын қабылдадық және әуе компанияларын ПТР-тест анықтамасы жоқ азаматтарды ұшақ бортына отырғызбауға міндеттедік. Әр түрлі жағдайлар болады және азаматтарымыздың республикаға кіруіне тыйым салуға негіз жоқ. Осыдан келіп көбісі мүлдем басқа қорытынды жасайды. Олардың ойынша, мен ұшып келген соң екі күн стационарда жатамын. «Келгеннен кейін сізді Рэдиссонға» немесе «шетелдіктерден кем түспейтін қонақ үйде орналастырады» деген әзіл фэйктер көп болды. Бұл карантиндеу үшін қайта жабдықталған стационарлар. Күндер санын арттыру – бұл ескерту шаралары. Ал ол адам жеті күн жатқысы келмесе, тест тапсыруға мәжбүр болады», - деп түсіндірді Қиясов.

Сондай-ақ, бұл шара ахуал нашарлаған жағдайда ПТР-тесттерді алуды кешіктіру ықтималдығы жоғары өңірлерде материалдар қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Халық бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймын, өйткені азаматтардың денсаулығы - бұл әр адамның жеке жауапкершілігі. Әр адам өзінің жайлылығына ғана емес, ең алдымен, жақын адамдарына ауру жұқтыратын адам туралы ойлауы керек, оның кем дегенде, этикалық тұрғыдан дұрыс істеп жатпағаны туралы. Бәрі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер немесе басқа санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер біреулердің іс-әрекеттеріне жауап беруі керек дегенге дағдыланған, бірақ халықтың түсінетін кезі келді: Біздің қауіпсіздігіміз - бұл республикасыздың әрбір азаматының жиынтық жауапкершілігі. Сондықтан біз саналы әрекет етуге шақырамыз. Тест тапсырмай ұшаққа отырмас бұрын, айналаңыздағы адамдар туралы ойланыңыз. Олар да денсаулық пен әл-ауқатқа құқығы бар азаматтар. Осыған түсіністікпен қараңыз», - деді санитарлық дәрігер барша қазақстандықтарға.