Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде полицейлердің жұмысында көптеген кемшіліктер мен олқылықтарға жол берілетінін мойындады, дегенмен оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрлігі халықтың тарапынан өткір және жиі әділ сынға адекватты қарайтытынына сендірді.

Министрдің айтуынша, азаматтардың өздерінің сындарлы ұсыныстарын есту өте маңызды. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты. Бұл ретте, Министрлік қоғаммен диалог құруға дайын.