Пандемия еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қашықтан оқыту форматына көшуге ғана емес, сонымен қатар оқыту сапасын бұрынғы деңгейде сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға мәжбүр етті.

Студенттердің қандай да бір білім алғанына көз жеткізудің жалғыз жолы - тұрақты бақылау және онлайн-прокторинг. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қыркүйек айында Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысында онлайн-емтихандарға қойылатын талаптарды енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл қашықтан автоматты сәйкестендіру, процестің бейне жазбасы, бейне жазбалар мен оқиғалар журналдарын сақтау.

«Прокторинг - бұл студентті қашықтықта болған кезде бақылауға мүмкіндік беретін электронды жүйе, яғни компьютер бақылауда болады, студенттің көшірмей, өзі тапсырып отырғаны көрінеді. Себебі қазіргі студент - бұл болашақ маман, ол бізге әсер етеді. Егер лайықты білім алмаған, лайықты оқымаған адамдар келсе, ертең олар бізді осылай емдейді, судья болады, күнделікті көрсетілетін мемлекеттік және басқа да қызметтерді ұсынады», - деп түсіндірді ректор.

Айта кетейік, мұндай жүйе студенттердің жеке құқықтарын бұзбайды, бұл аудиториядағы немесе ғимараттағы бейнекамерамен бірдей техникалық бақылау құралы. Прокторингтік сервистердің серверлері орналасқан барлық дерлік елдер дербес деректерді қорғау туралы белгілі бір келісімдердің қатысушылары болып табылады.