ҚР СТ 1418-2018 «Автомотокөлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер және техникалық талаптар» өзгертулер енгізілді.

«Көлік құралы – аса қауіпті, ал оны басқару құралдарын оң жақтан сол жаққа қайта жабдықтау оның дизайнындағы ең күрделі өзгерістердің бірі болып табылады және мұндай көлік құралын біздің жолдарымызда пайдалану қауіпсіз болады дегенге сенім жоқ. Оның үстіне, қайта жабдықтау қолмен емес, авторизацияланған армян қызмет көрсету орталықтарында жүргізілгеніне еш кепіл жоқ. Демек, мұндай автокөліктердің сәйкестігін бағалау қажет», - деп түсіндірді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов.

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығы және «Ғылыми-Зерттеу Орталығы «Алматы-Стандарт» ЖШС сынақ орталығы тексеру жүргізіп, қайта жабдықтаудың дұрыстығы туралы тиісті құжат бере алады.

Құсайыновтың айтуынша, Қостанайда тексеруден өтуге ниет білдіргендердің аз ғана бөлігі стандартқа сәйкес келеді және құжаттарды алды. Бұл процедураның құны 15 мың теңге. Дүйсенбіден бастап Алматы зертханасы да мүдделі автокөлік иелеріне қызмет көрсете бастайды. Қазіргі кезде соңғы ұйымдастыру мәселелері шешілуде.