Бұл туралы бүгін агенттік басшылар ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті. Конкурс-кастинг 16 қыркүйек пен 23 қазан аралығында іріктеу кезеңінің 3 сатысы Instagram желісіндегі «live» режимінде жүзеге асатын болады.

«Хабар» Агенттігі» ешқашан бір орында тұрған емес, тұрмайды да. Сондықтан да жаңа маусымның шымылдығын аша отырып, біз қатарымызға кәсіби тележүргізушілер қосылса дейміз. Әрине, 24 жылда біздің өзіміздің қалыптасқан дәстүріміз, Зейін Әліпбек, Айгүл Мукей сынды атақты тележүргізушілер, былайша айтқанда «мэтрлерді» қалыптастырған үлкен кәсіби мектебіміз бар. Бүгінде олар көрермендер үшін қызмет етіп жүрген жас журналистердің үлгі тұтар азаматтары. Одан басқа, Агенттікпен бірге өсіп келе жатқан жас тележүргізушілеріміз де жоқ емес», - деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.

Конкурстың негізгі талаптары:

  • кастингке кәмелет жасқа толған, Instagram желісінде аккаунты бар, кез келген азаматтар қатыса алады;
  • конкурсқа қатысу тегін;
  • «Хабар» Агенттігінің көркемдік кеңесінің мүшелері мен арнайы сарапшылар тобы барлық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады;
  • іріктеу кезеңінің келесі сатысына кастингтен өткен финалистер ғана қатыса алады. Конкурстың талаптары мен ережесі туралы толығырақ www.khabar.kz сайтында.

Конкурс тәртібі:

1) Кастингтің бірінші кезеңінде іріктеу қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын бейнежазбаны жариялап, онда не себепті өздерінің дәл «Хабар» Агенттігі бағдарламаларының жүргізушісі болуы тиістігін негіздей алуы тиіс. Instagram-дағы бейнежазбаның сипаттамасында қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, толық жасы мен #Хабардақызмететкімкеледі және #Хочуработатьнахабаре хэштегтері көрсетілуі керек.

2) Сарапшылардың іріктеуінен келесі кезеңге өткен қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын өз қаласындағы оқиғалар желісін баяндауы тиіс. Оқиғаны және түсірілім стилін таңдау қатысушысының өз еркінде. Аталмыш бейнежазбаны қатысушы Instagram-да #Хабардақызмететкімкеледі2 және #Хочуработатьнахабаре2 хэштегтерімен көрсетуі тиіс. Бұл екінші кезең 2019 жылдың 7 қазан-14 қазан аралығында өткізіледі.

3) Аяқтаушы болып табылатын кастингтің үшінші кезеңінде қатысушы сынақ бейнежазбасына келіп, түсуі керек. Соңғы болып табылатын үшінші кезең 2019 жылдың 14 - 23 қазан аралығында өткізіледі.

Конкурстың жеңімпаздары арнайы сарапшылар тобымен анықталып, 2019 жылдың 23 қазанында жарияланатын болады.