Халық алдындағы есептік кездесу барысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыстың сервистік моделіне көшкені туралы хабарлады. Халыққа консультациялық көмек көрсету үшін қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар үшін 251 қабылдау бөлмесі құрылды, «Жолдағы қабылдау» акциясы үнемі өткізіліп тұрады.

Министр өз сөзінде жыл басынан бері полиция органдары басшыларының және учаскелік инспекторлардың тұрғындармен 400 есеп беру кездесулерін өткізу аясында нақты аумақтағы құқықтық тәртіп жағдайын жақсарту бойынша 1 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті.